National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы

1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Жоғары заңгерлік және жоғары экономикалық білімі бар, 2004 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.

Арнаулы атағы «полиция генерал-лейтенанты».

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері

Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастады

1986 жылдан 2000 жылға дейін Алатау және Калинин аудандық ІІБ-нің жедел-тергеу бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІБ-да әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ тоғызыншы департаментінің және криминалдық полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеді

2003 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы

2006 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы

2006 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы

2012 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

2022 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

 

Қызмет атқараған кезеңі үшін:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (толық кавалер), ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, сондай-ақ мерейтойлық, ведомстволық және халықаралық медальдармен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару