National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың айналасында жасыл белдеуді дамыту барысымен танысып шықты

2012 жылғы 29 маусым

Мемлекет басшысының 1997 жылы берген тапсырмасы бойынша қаланы желден қорғау және қолайлы климатты қалыптастыру мақсатында елорданың айналасын жасыл белдеуге айналдыру жұмыстары қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта жасыл белдеу аумағында 9,6 миллионнан астам ағаш және 1,9 миллионға жуық тал өсірілуде.

- Жасыл алқапқа айналдыру ісі астананы ауыстырғаннан кейінгі алғашқы жылда қолға алынды. Елорда мәртебесін алғанға дейін Целиноградтың айналасы ашық болғаны өздеріңізге белгілі. Қатты жел тұрған кезде қаланы шаң-тозаң басып қалатын. Экологияны жақсарту, жел мен боранды тоқтату, сондай-ақ қолайлы жағдайды қалыптастыру мақсатында мен қаланы жасыл алқапқа айналдыру туралы міндет қойдым. Соның нәтижесінде, 14 жыл ішінде Астананың айналасында мыңдаған гектарға ағаш отырғызылды. Жасыл белдеуді кең ауқымда жүргізу үшін бұл аумақ елдегі 4 ірі ауылға тең болғанын айтқым келеді. Осы орайда орман аймағын биологиялық әртүрлендіруді ұлғайту – онда құстар мен жануарлар түрлерін өсіру жөніндегі жұмыстар қатар жүргізілді. Келесі кезеңде қала тұрғындарын табиғатта мәдениетті демалуға, елорда маңынан саңырауқұлақ пен жидек жинауға тарту ісі қолға алынады. Сонымен қатар, бүгінде қала тұрғындарының демалулары үшін қаланың ішінде жасыл алқап отырғызу жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде 16 мың гектарға жасыл желек отырғызылды. Бүгінде Астана нағыз жасыл қалаға айналып келеді, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Жасыл белдеуді кеңейту жұмыстары жалғасын табады. Қаланың айналасындағы орманды алқаптың биологиялық түрлілігін ұлғайту және түрлі ағаш тұқымдарының орнықты, өнімділігі жоғары орман дақылдарын отырғызудың нәтижесінде елорда тұрғындарының демалулары үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастырылатын болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің