National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің негізгі міндеттері:

1.  Президенттің әлеуметтік-экономикалық саясат жөніндігі өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

2. Президенттің Үкімет пен орталық атқарушы органдарға қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

3. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi) қатысты оның өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.

4. Президент және Президент Әкімшілігі басшылығының өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.


Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі

Мәди Төкешұлы ТАКИЕВ

 

1978 жылы Алматы облысында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті, 2011 жылы  Халықаралық бизнес университетін бітірген.

1998-2000 жылдары ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас бухгалтері.

2000-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша салық комитетінің инспекторы, жетекші инспекторы, бас инспекторы, ШОБ субъектілерімен жұмыс, аудит бөлімдерінің басшысы қызметін атқарған.

2008-2009 жылдары Алматы облысы бойынша салық департаментінде акциздерді әкімшілендіру бөлімінің, басқармасының басшысы

2009-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша салық Департаменті бастығының орынбасары.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 жылы Қазақстан Премьер-министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 

«Ерен еңбегі үшін» және басқа да мерейтойлық медальдармен наградталған. «Салық қызметінің үздігі» және «Қаржы қызметінің үздігі» атақтарымен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару