National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының міндеттері мен функциялары:

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету

  1. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша, соның ішінде Президентке Қазақстан Республикасының қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жылсайынғы баяндамасына материалдар дайындау;
  2. мемлекеттік органдардың мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруына, Президенттің актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі отырыстары хаттамаларының орындалуына, соның ішінде тексеру жүргізу арқылы,  бақылауды жүзеге асыру.

Өзге де Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

  1. елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жылсайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының жобасын дайындауға қатысу;
  2. жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
  3. Президент, Әкімшілік Басшысы мен Президент көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және (немесе) Әкімшілік Басшылығы айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі

БАЙТҰҚБАЕВ Ерлан Исқақұлы

 

1969 жылы 19 қаңтарда туған.

1987-1989 жылдары әскер қатарында болған.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1993 – 2011 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Сыныптық шені – Аға әділет кеңесшісі.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусым – 2020 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2020 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару