National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімі

Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің міндеттері мен функциялары:

 

1-міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекет қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету;

  • мемлекет қауіпсіздігі жедел мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік басшылығының қатысуымен іс-шаралар әзірлеу мен өткізу;
  • құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің жұмысын талдау және жинақтау, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

 

2-міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс пен әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету:

  • мемлекет қауіпсіздігі мен қорғанысы мәселелері бойынша саясатты мемлекеттік органдардың іске асыруына, бекітілімге сәйкес Президенттің актілері мен тапсырмаларын орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  • Президентке қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша шешімдер мен осы шешімдерді іске асыру бойынша шаралар қабылдау үшін;

 

3-міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету:

  • құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық актілер мен өзге де актілердің жобаларын әзірлеу мен сараптама жасауға, және олардың орындалуына мониторинг жүргізуге қатысу;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларды талдау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жариялау;

 

4-міндет: Президенттің қауіпсіздік мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін ақпараттық және талдамалық қамтамасыз ету:

  • қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету салаларындағы қызмет мониторингі мен талдауы және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
  • шет елдердің қарулы күштерінің, арнаулы қызметтерінің, құқық қорғау органдарының тәжірибесін зерделеу мен жинақтау;
  • елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ахуал туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен бірлесіп Республика Президентінің жанындағы қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына құжаттар дайындауға қатысу.

 

 Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі

Алексей Дмитриевич Калайчиди

1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Жоғары академиялық курстарын (Свердловск қаласы) аяқтаған.

2008 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінен «заңгер» мамандығын алған.

Еңбек жолы:

1985-1989 жылдары Қырғыз ССР Тоқмақ қаласының №93 арнайы бөлімшесінің бригадирі, «Южгорсельпроект» МПИ инженері, Шымкент қ.;

1989-1990 жылдары КСРО Ішкі істер министрлігінің Жоғары академиялық курстарының тыңдаушысы;

1990-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті қылмыстық іздестіру бөлімінің анықтаушысы, бөлім бастығы;

1998-2005 жылдары Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің департаменті бастығының орынбасары, басқарма бастығы (Астана қаласы);

2005-2006 жылдары Ішкі істер министрлігі Заң қызметінің жетекшісі, Жеке құрам жөніндегі инспекция бастығы;

2006-2008 жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары;

2008-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары;

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

2019-2021 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары;

2021 жылдың шілдесінен ​​Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.

Үйленген, екі баласы бар.

Арнаулы атағы: полиция генерал-майоры (04.05.2020 ж.).

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару