Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының негізгі міндеттері:
1. Ассамблея қызметін қамтамасыз ету;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
3. Президенттің саяси мәселелер бойынша қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ
Туған күні мен жері: 1965 жылы 3 қаңтар, Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
Білімі: 1988 жылы – Қарағанды мемлекеттік медицина институты, 2000 жылы – Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Академиясы, 2019 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Жұмыс тәжірибесі:
1988 - 1989 Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігер-интерні
1989 - 1992 Қызылорда қалалық №5 емханасының хирург дәрігері
1992 - 2011 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызметі
2011 - 2013 Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары
2013 - 2014 Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы
2014 - 2016 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі
2016 - 2018 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы
2018 - 2019 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы
2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі
04.2021 - қазірге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі
Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын
Марапаттары:«Құрмет» ордені (2016), «Жауынгерлік ерлік үшін» медалі (2009), 7 мерекелік медаль