Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Әкімшілік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады
Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
1-міндет. Президенттің қызметін қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бойынша қамтамасыз ету:
- мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруына, бағдарламалық құжаттардың, Президенттің, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Әкімшілік басшылығының қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;
- Бөлім құзыреті шегінде Президенттің, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Әкімшілік басшылығының қатысуымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
- Мемлекет басшысына, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысына және Әкімшілік басшылығына қауіпсіздіктің жалпы мәселелері жөнінде және оларды іске асыру бойынша ұсынымдар мен шаралар әзірлеу;
- қауіпсіздіктің жалпы мәселелерін қамтамасыз ету саласында Мемлекет басшысы актілерінің жобаларын, соның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Үкімет әзірлеген заңнамалық актілердің жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізгенге дейін келісуге қатысу.
2-міндет. Консультативтік-кеңесші және басқа да органдар қызметін қамтамасыз ету:
- ұлттық қауіпсіздіктің бағыттары бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының, сарапшылық және жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;
- Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Президент, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік басшылығы өткізген кеңес хаттамаларының орындалуын бақылау.
3-міндет. Президенттің өзге де өкілеттіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету:
- елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының жобасын дайындауға қатысу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
- Президент, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы және (немесе) Әкімшілік басшылығы айқындаған басқа да функциялар.
Расул Қабдоллаұлы ОРАЗҒҰЛОВ
1974 жылы Павлодар облысында туған.
Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Іскерлік әкімшілік магистрі және экономика ғылымдарының кандидаты.
1994 – 2002 жылдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, соның ішінде Павлодар облыстық қаржы басқармасында (1994-1998жж.), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде (1998 – 2002жж.), Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде (2002 – 2006жж.) түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2006 – 2009 жылдары Қарағанды облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментін басқарды.
2009 – 2010 жылдары Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2010 – 2014 жылдары «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары.
2014 – 2018 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.
В 2018 – 2019 жылдары Астана қаласының Стратегия және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды.
2019 – 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2021 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі.
Үйленген, 3 баласы бар