Аида Ғалымқызы Балаева
.jpg)
1974 жылы 4 шілдеде туған.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы;
2004 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы;
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары;
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары;
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры;
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы;
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі;
2020 жылдың 4 мамырынан 2022 жылдың 11 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылдың 17 мамырынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы.
Марапаттары: ІІ дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені және басқа да медальдар.
Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.