National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі

Президенттің Протокол қызметіннің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Президенттің Протокол қызметінің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Президенті мен Бірінші ханымының шет елдерге сапарларын және еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарларын, сондай-ақ басқа да мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды дайындау және өткізу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Бірінші ханымның шетелдік сапарларын хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Бірінші ханымның қатысуымен іс-шараларды дайындауда және өткізуде протоколдық-ұйымдастырушылық мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;
  • шет мемлекеттер басшыларының қызметін хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тәжірибелерді талдау негізінде хаттамалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіру;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң шетел мемлекеттері мен үкiметтерінің  басшыларына, халықаралық ұйымдар мен шетелдiк компаниялардың жетекшілеріне жолдауларды әзірлеу және жолдау. 

Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің бастығы

МИХНО Дмитрий Леонидович

1978 жылдың 21 ақпанында туған.

1999 жылы «математика пәнінің мұғалімі, инженер-бағдарламашы» маманы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірді.

2001 жылы халықаралық қатынастар саласындағы маманы Қазақстан Республикасы СІМ-нің дипломатия академиясын бітірді.

2011 жылы «мемлекеттік және муниципалды басқару» маманы  Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

2001-2002 жылдары ҚР СІМ-нің Экономикалық саяси департаментінің  референті.

2002 жылы ҚР СІМ-нің Инвестиция комитетінің Азия және Африка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің атташесі.

2002-2005 жылдары ҚР СІМ-нің Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі, III-ші, II-ші хатшысы.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің II-хатшысы.

2007-2008 жылдары ҚР СІМ-нің Мемлекеттік протокол қызметінің кеңесшісі, басқарма басшысы.

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2011-2014 жылдары ҚР СІМ-нің Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары.

2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2019 жылы ҚР СІМ-нің Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары.

2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Протокол басшысының орынбасары.

2021 ж. шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Президенті Протокол қызметінің бастығы.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару