Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Хатшылық қызметінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің қызметін қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіру бойынша Мемлекеттік кеңесшісінің қызметін қамтамасыз ету;
- елдегі және әлемдегі аса маңызды оқиғалар туралы Мемлекеттік кеңесшісінің қызметін ақпараттық сараптамалық қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік кеңесшісінің баяндамаларына, сөйлейтін сөздеріне, сұхбаттарына, жарияланымдарына материалдар дайындау;
- Мемлекеттік кеңесшісінің қатысуымен өтетін отырыстарды, кеңестерді және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік кеңесшісінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы мен олардың өтініштерін қарауын ұйымдастыру;
- Мемлекеттік кеңесшісінің тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Мемлекеттік кеңесшісінің құзыреті шегінде Президенттің актілерін әзірлеуді ұйымдастыру және әзірлеуге қатысу;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік кеңесшісінің және Әкімшілік басшылығының тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды орындау.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығының меңгерушісі
САМИТОВ Мажит Самитұлы
1985 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген, мамандықтары бойынша заңгер және экономист.
2007-2015 жылдары – Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет еткен.
2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1-Департаментінің прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2017-2018 жылдары – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі.
2019 жылдың шілде-қараша айларында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында меңгерушінің орынбасары қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығының меңгерушісі.
2022 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің Хатшылығының меңгерушісі.