Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімнiң негізгі мiндеттерi:
1. Президенттің кадр саясаты саласындағы өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз ету
- Қазақстан Республикасындағы кадр саясаты жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Президенттің кадр саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру және қызметіне бақылау жасау;
- мемлекеттік саяси қызметшілердің кадр резервін жасақтау жөніндегі қызметті үйлестіру;
- Президент тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты мәселелерді шешуді ұйымдастыру, мемлекеттік саяси қызметшілер мен Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды тұлғаларын Әкімшілікте қызметке тағайындау және қызметтен босатуды келісу рәсімін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; олардың жеке істерін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік куәліктер беру; Әкімшілікте кандидатураларды келісудің нәтижелері туралы мемлекеттік органдарды хабардар ету;
- мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және нормативтік және құқықтық актілердің, оның ішінде бағдарламалық құжаттардың, стратегиялық жоспарлардың, олар бойынша сараптау қорытындыларының жобаларын дайындау;
- мемлекеттің кадр саясаты саласындағы істің жай-күйіне жүйелі талдау жасау және мониторинг жүргiзу, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2. Президенттің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға қатысты уәкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету
- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдар қызметінің тиімділігін бағалауды және белгіленген тәртіппен оны жүргізуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметін үйлестіру және бақылау;
3. Әкімшіліктің кадр жұмысы саласындағы қызметін қамтамасыз ету
- Әкімшілік қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі материалдарды ресімдеу; қызметтік куәліктер беру; жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Әкімшілік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Президент және Әкімшіліктің басшылығы айқындайтын өзге де функцияларды орындау.
Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі
ТҰРҒАНАЛЫ Руслан Мұхтарұлы
1986 жылы Жамбыл облысында туған. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетін бітірген. Мамандығы бойынша халықаралық құқық бакалавры, мемлекеттік саясат магистрі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009-2011 жылдары Заңнама, Заңға тәуелді актілер департаменттерінде сарапшы, бас сарапшысы болып қызмет еткен.
2011 жылы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің сарапшысы болып қабылданып, кейіннен осы бөлімнің консультанты, инспекторы лауазымдарында қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2018-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс істеу департаментін басқарған.
2019 жылғы маусымда Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
2021 жылғы шілдеден бастап Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2022 жылдың 22 маусым күні Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.