Спичрайтинг тобы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің бірі.
Спичрайтинг тобының міндеті – Президенттің ресми сөздерінің, үндеулерінің, құттықтауларының және басқа да мәтіндерінің жобаларын дайындау.
Спичрайтинг тобының фунциялары:
1) Президент үшін Президент Әкімшілігінің басқа құрылымдық бөлімшелері және/немесе мемлекеттік органдар дайындаған ресми сөздердің, сұхбаттардың, мақалалардың, ақпараттық материалдар мен мәтіндердің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;
2) Президенттің қызметі мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар мен мәтіндер жобаларын дайындау;
3) Президенттің сөйлейтін сөздері мен мәтіндерінің жобаларын дайындау үшін Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) Әкімшілік басшылығы айқындайтын басқа да функцияларды орындау.