National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі

Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету

  • ҚР Президенті қатысатын халықаралық іс-шаралар кестесін түзу және сыртқы саяси іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары және шетел мемлекеттерімен саяси ынтымақтастықты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
  • сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік органдардың сыртқы саясатты іске асыруына, сыртқы саясат бойынша Президентінің және Әкімшілік басшылығының актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері бойынша құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларын дайындауға қатысу; заң жобалары мен Мемлекет басшысына қол қоюға енгізілетін ҚР-ның заңдарына талдау жасауға, сондай-ақ сыртқы саясат мәселелері бойынша ҚР Президентінің актілерін, соның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.

2.  ҚР Президентінің және Әкімшілік басшылығының өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру

  • Мемлекет басшысының атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлімнің құзыреті шеңберінде қарау жүргізу;
  • ҚР Үкіметінің, мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалардың ҚР Президентінің алдында жасайтын есептерін,  баяндамаларын, ақпараттарын қарауды дайындауға қатысу;
  • Сыртқы саясат саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі

ҚҰСАЙЫНОВ Дәулетбек Қайырбекұлы

Туған жері, күні: 17.05.1977 ж., Солтүстік Қазақстан облысы.
Білімі: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (1998 ж.); Еуразия гуманитарлық институты, экономика және бизнес бакалавры (2010 ж.); Стирлинг университеті, магистратура – дипломатия және қауіпсіздік (2016). 
Еңбек өтілі: 
1998-1999 жж. – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің неміс тілі кафедрасының мұғалімі;
1999-2000 жж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Тұрақты даму ұлттық орталығының консультанты;
2000-2004 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы;
2004-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы;
2008-2009 жж. – ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда келіссөздері департаментінің басқарма басшысы;
2009-01.2014 жж. – ҚР ПӘ Сыртқы саясат орталығының консультанты, инспекторы, Сектор меңгерушісі;
02.2014 ж. – ҚР ПӘ Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары; 
09.2014-03.2017 жж. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
03.2017-07.2019 жж. – Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі; 
10.2019 ж. бері – ҚР ПӘ Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
Меңгерген шет тілдері: ағылшын, неміс және голланд (бастапқы деңгей).
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару