National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Құқықтық саясат жөніндегі кеңес

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрылуы және оның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 303 Өкімімен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

2) құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу, жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық сала мен мемлекеттік құрылыстағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

3) стратегиялық міндеттерді айқындау, қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;

4) заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, неғұрлым маңызды заң жобаларының тұжырымдамасын айқындау;

5) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы хабардар ету.

 

3. Кеңестің құқықтары

Кеңестің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың осы саладағы норма түзушілік және құқық қолданушылық қызметі мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруге;

2) мыналар:

заңнаманы жетілдіру;

мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына бақылауды күшейту;

Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етпеген құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының жауаптылығы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;

3) мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми ұжымдар дайындаған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге;

4) халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерін қарауға қатысуға;

5) норма түзушілік және құқық қолданушылық проблемаларын талдау мен зерделеуге қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тартуға, неғұрлым маңызды нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;

6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға;

7) қылмыстық қолсұғушылық пен құқық бұзушылықтан азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметінің, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалған құқық тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

 

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

Кеңеске басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Кеңес мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.

Кеңестің жұмыс жоспарын Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің пікірін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып бекітеді.

Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер, егер отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің немесе шақырылған адамдардың, олар бойынша қарсылықтары болмаса, оларды талдаудан кейін қабылданады. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оларға төраға қол қояды және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі.

Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілерін шығаруға бастамашылық ету жолымен іске асырылуы мүмкін.

Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттік құқық бөлімі болып табылады, ол Кеңес отырыстарына хаттамалар мен басқа да қажетті материалдар дайындайды және белгіленген тәртіппен Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің

ҚҰРАМЫ

 

Жиенбаев
Ержан Нұрланұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Кеңес төрағасы

 

Кеңес мүшелері:

 

Нұрдəулетов

Ғизат Дəуренбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Кеңес төрағасының орынбасары

Донақов

Талғат Советбекұлы

 

-

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

Асанов

Жақып Қажманұлы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

 

 

 

Шпекбаев

Алик Жатқамбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

 

 

 

Жайылғанова

Анар Нұралықызы

 

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Волков

Владимир Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

 

 

Мусин

Қанат Сергейұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

 

 

Тұрғымбаев

Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

 

 

 

Бекетаев

Марат Бақытжанұлы

-

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

 

 

Бычкова

Светлана Федоровна

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

 

 

 

Азимова

Эльвира Әбілқасымқызы

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

 

 

 

Әбіш

Самат Сатыбалдыұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары

 

 

 

Жүрсінов

Рустам Манарбекұлы

 

-

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

Баймұханова Қадыржан Рысмұханқызы

 

-

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша)

Ақылбай

Серік Байсейітұлы

-

«Қазақстанның заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы" (келісім бойынша)

 

 

 

Тұрмағанбетова

Жеміс Өтегенқызы

-

«Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

 

 

Жалаири

Өмірәлі Шақарапұлы

-

Д.А. Қонаев атындағы университеттің ректоры (келісім бойынша)

 

Кеңестің құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорлары (келісім бойынша) кіреді.

 

 

Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару